YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратТеннис

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің финалына шығу үшін матч өткізеді

Әмір Омарханов

ATP рейтингінде 798-орында тұрған қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунисте өтіп жатқан M15 сериялы турнирдің ширек финалында жеңіске жетіп, финал жолдамасы үшін күресті жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Yersport.kz.

Омарханов бұл турнирде бесінші нөмірмен тіркелген. Ширек финалда оның қарсыласы ATP рейтингінде 1016-орында тұрған франциялық Луи Ларе болды. Кездесу Қазақстан өкілінің айқын басымдығымен екі сетте аяқталды — 6:3, 6:2.

Жартылай финалда Әмір Омарханов тағы бір франциялық теннисшімен — ATP рейтингінде 737-орында тұрған, турнирдің үшінші нөмірлі сеянды ойыншысы Николя Тепмакпен кездеседі.

Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры 15 мың долларды құрайды. M15 сериялы турнир Тунисте 2–8 ақпан аралығында өтіп жатыр.

Ұқсас мақалалар

17 жастағы дағыстандық Ибрагимов АПЛ-де дебют жасай ма?

Алонсо өз футболшыларын қорғау үшін бәріне дайын. Тіпті, сұсты Симеонеге де қарсы шықты

Қазақстан құрамасы дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысын екі жүлдемен бастады