«Барселонаның» бұрынғы президенті Жоан Гаспар журналистің төрешілерді параға сатып алғаны туралы сұрағына қатаң жауап қатты.
— Егер мені тағы бір рет қорласаң, саған микрофонды лақтырамын.
«Барселона» ешқашан — клубты мырза Гампер құрған сәттен бастап, мен өмірден өткенге дейін (ал одан кейін не болатынын айта алмаймын) — ешқандай заңсыз әрекет жасаған емес.
Ал төрешіні өз пайдаңа шешім шығару үшін сатып алу — бұл қылмыс. Адамдардың соған сенуін неге қалайтынын түсінбеймін, — деді Гаспар.
Бүгін Жоан Гаспар Негрейра ісі бойынша сотта куәлік берді.
Еске салайық, 2023 жылы «Барселона» мен оның басшылығына Испания футболының Корольдік федерациясында (RFEF) жұмыс істеген төрешілердің техникалық комитеті (CTA) вице-президенті Хосе Мария Энрикес Негрейраға төлем жасағаны үшін парақорлық айыбы тағылған болатын. Сот 2001–2018 жылдар аралығында «Барселона» тарапынан Негрейраға бірнеше миллион еуро төленуін қылмыс деп таныды.
