YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарСаудия Про ЛигасыФутбол

Бензема «Әл-Хиляль» сапындағы дебюттік матчында хет-трик жасап, нәтижелі пас берді

Кәрім Бензема

2022 жылғы «Алтын доп» иегері Кәрім Бензема Сауд Арабиясындағы жаңа клубы – «Әл-Хиляль» сапында сәтті дебют жасады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

38 жастағы франциялық шабуылшы «Әл-Охдуд» қақпасына хет-трик жасап, 31, 60 және 64-минуттарда көзге түсті. Сондай-ақ Бензема 70-минутта Малкомға нәтижелі пас беріп, көп ұзамай алаңнан ауыстырылды.

«Әл-Хиляль» кездесуде 6:0 есебімен ірі жеңіске жетіп, 50 ұпаймен ұлттық чемпионаттың турнирлік кестесінде көш бастады.

Еске салайық, мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы 3 ақпанда «Әл-Иттихадтан» «Әл-Хиляльге» ауысқан болатын.

Ұқсас мақалалар

«Қайратты» Чемпиондар Лигасына шығарған қақпашы клубтан кетті

«Вулверхэмптон» «Вест Хэмді» ойсырата жеңіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

БЕЙБАРЫС ҚАБЛАН – U21 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

Redaktor Yersport