YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутзал

«Ақтөбе» бас бапкерінің ресми жұмыстан кету жайлы арызы бес күннен кейін күшін жойды

Серік Үнбаев

Қазақстандық маман Серік Үнбаев маусым соңына дейін «Ақтөбе» футзал клубының бас бапкері болып қала беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Yersport.kz.

«Құрметті жанкүйерлер!
Өткен аптада мен футзалдан „Ақтөбе“ клубының бас бапкері қызметінен өз еркіммен кету туралы өтініш жаздым. Клуб басшылығы да бұл шешімді қолдап, бапкерлік мансабымда сәттілік тіледі.

Алайда командамен қоштасу сәті келгенде, жігіттер бастаған істі маусым соңына дейін аяқтауды шын жүректен өтінді. Осыған байланысты „Семейге“ қарсы жауапты матчтар алдында команданы бас бапкерсіз қалдыру ертерек шешім болар деп ойладым.

Сондықтан командаластарым мен жанкүйерлердің өтінішін елемей қалмай, клуб басшылығымен келісе отырып, футзалдан „Ақтөбе“ клубының тізгінін кем дегенде маусым соңына дейін ұстап қалуға шешім қабылдадым», — деп жазды бапкер өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Серік Үнбаев 2025 жылғы 16 сәуірде ақтөбеліктердің бас бапкері қызметіне тағайындалған. Оның жетекшілігімен клуб Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері атанды. 30 қаңтар күні «Ақтөбе» 33 жастағы бапкердің қызметтен кеткенін ресми түрде жариялаған болатын.

Ұқсас мақалалар

Самородов пен Черчесов қайта қауышты

Redaktor Yersport

МЮ жеңісті барбекюмен атап өтпек: үнем мен өзгерістер дәуірі

Какау Қазақстан құрамасындағы жаңа бразилиялық туралы пікір білдірді