Бірінші ауыр салмақта өнер көрсеткен бұрынғы боксшы Иса Акбербаев, кезінде Геннадий Головкинмен бір командада жаттыққан, IBF нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Бахрам Муртазалиев пен Джош Келли арасындағы алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Yersport.kz Betonmobile сайтына сілтеме жасап.
— Шынымды айтсам, Бахрам Муртазалиевтің қарсыласын аса жақсы білмеймін. Бірақ міндетті түрде Бахрамға жанкүйер боламын. Джош Келлидің жекпе-жектерін көрмедім, оның қандай боксшы екенін білмеймін. Қазір боксты көп қарай бермеймін. Уақытымның басым бөлігі жаттығу процесіне және балалармен жұмыс істеуге кетеді. Кейде жекпе-жектерді көріп қалсам, ол — шәкірттерім немесе боксшы жігіттер ұсынған кездесулер. Оларды бірге тамашалаймыз. Әртүрлі салмақ дәрежелерін терең зерттеуге уақыт жоқ, соның ішінде Бахрамның салмағын да. Бірақ Бахрам — өте қатал әрі мықты боксшы. Мен тек соған ғана жанкүйер боламын, — деді Акбербаев.
