YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

КПЛ-2026 маусымының күнтізбесі туралы ақпарат пайда болды

Қазақстан Премьер-Лигасы

Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымына арналған күнтізбенің жасалуына қатысты кейбір мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Yersport.kz «Серый CARDINAL» Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып.

«Қазіргі уақытта ешқандай ресми ақпарат жоқ. Алайда бейресми дереккөздер арқылы күнтізбенің екі-үш нұсқасы дайын екенін білдік. Енді тек басшылық тарапынан бекітіліп, шұғыл түрде Атқару комитетінің қарауына шығарылуы керек. Көріп отырғанымыздай, Лига немесе ҚФФ қандай да бір команданың күнтізбелік артықшылыққа ие болуына жол бергісі келмейді», — деп жазады дереккөз.

Бұған дейін Қазақстан Суперкубогы үшін матч 28 ақпанда өтетіні, КПЛ 7–8 наурызда басталатыны, ал Қазақстан Кубогы сәуір айында жалауын көтеретіні хабарланған болатын. Жаңа маусымда Премьер-Лигада 16 команда өнер көрсетеді. Жоғары дивизионның жаңа қатысушылары — «Каспий», «Ертіс» және «Алтай».

Қазақстан Суперкубогының финалында КПЛ-2025 чемпионы «Қайрат» пен Қазақстан Кубогы-2025 иегері «Тобыл» кездеседі.

Ұқсас мақалалар

Ферреро Алькараспен жұмысты тоқтатуы туралы: «Қазір жүрегім ауырып тұр, бірақ есікті жаппаймын»

Уразбахтин: «Бізді ақша емес, тарих пен мұра жігерлендіреді

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

Redaktor Yersport