YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина Australian Open–2026 матчі алдында жағымды жаңалық алды

Елена Рыбакина

Ресейлік «Ведомости» порталы Australian Open турнирінің 1/8 финалындағы матчқа болжам жариялады. Бұл кезеңде Қазақстанның жетекші теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) Бельгия өкілі Элиза Мертенспен (21-орын) кездеседі, деп хабарлайды Yersport.kz.

Басылым қазақстандық спортшының екі сетте сенімді жеңіске жететінін болжайды.

«Рыбакина қазіргі жарыстың басты фавориттерінің бірі екенін дәлелдеп келеді. Алғашқы үш айналымның қорытындысы бойынша Қазақстан өкілі доп беруде тұрақтылық пен ойын барысында түрлі тактикалық шешімдер көрсетті. Сонымен қатар, Елена аяқпен қозғалыста өте жақсы қимылдап, шешуші соққылар жасауға мүмкіндік таба білді.

Мертенс тәжірибесінің арқасында алдыңғы қарсыластарын оңай жеңді. Алайда оның әлсіз тұстарының бірі — бірінші доп берудің тұрақсыздығы. Мәселен, Учижимамен өткен жеңісті матчта допты ойынға қосу көрсеткіші небәрі 49 пайызды құрады. Бұған қоса, ұзақ розыгрыштар кезінде Элизаның қимылында белгілі бір қиындықтар байқалды — кей сәттерде қарсы соққыларға үлгере алмады.

Біздің ойымызша, Қазақстан өкілі сенімді жеңіске жетуге қауқарлы. Рыбакина бельгиялық теннисшіге қарсы қалай ойнау керегін жақсы біледі — бұған өзара кездесулердегі басымдығы дәлел. Сондықтан Рыбакинаның «құрғақ» жеңісіне бәс тігеміз. Дәл есеп — 2:0», — деп жазады БАҚ.

Еске сала кетейік, Рыбакина мен Мертенс арасындағы матч бүгін, 26 қаңтарда өтеді. Кездесу Астана уақытымен 10:00-де басталады.

Ұқсас мақалалар

Қазақстан құрамасын енді Байсуфинов басқарады

«Реал» Родридің келісімшарт жағдайын бақылап отыр және оны өз қатарына қосуды ойластыруы мүмкін

«Қайсар» екінші оқу-жаттығу жиынына үш ойыншыны шақырды