YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCБасты ақпаратЖаңалықтар

UFC-де Ислам Махачевтің Шавкат Рахмоновпен жекпе-жегіне қатысты үкім айтылды

Шавкат Рахмонов

АСА ұйымының бұрынғы жартылай орта салмақтағы чемпионы Альберт Туменов UFC чемпионы Ислам Махачев үшін ең қиын қарсылас кім екенін атады. Бұл туралы Yersport.kz Bookmaker-ratings.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Туменовтің айтуынша, Махачев үшін ең қауіпті қарсылас — қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов.

— Ислам Махачев үшін ең қиын қарсылас — Шавкат Рахмонов. Жеке өзім үшін бұл — ең қызықты жекпе-жек. Маған Махачевтің Камару Усманмен айқасқанынан гөрі, дәл осы кездесуді көру әлдеқайда қызық болар еді. Камару — аңыз, бірақ ол қазір мансабының соңына таяп қалды, — деді Туменов.

Ислам Махачевтің ММА-дегі көрсеткіші — 28 жеңіс және 1 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегінде ол Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанды.

Ал Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол соңғы кездесуін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізіп, Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты.

Ұқсас мақалалар

Рафаэль Оразбахтин «Қайрат» командасында бас бапкер қызметінде қалады

Роналдуды «Әл-Иттихадқа» қарсы ойынға көндіре алмады. «Әл-Наср» бапкері Жезуш шабуылшының наразылығын қолдап, баспасөз мәслихаттарына қатыспай жүр (Arriyadiyah)

Кейннің 46-голы: маусымдағы феноменал көрсеткіш