YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

УЕФА ҚПЛ стадиондарына қатысты ресми шешім қабылдайды

Қайсар-Арена

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман сәуір айында УЕФА-ның лицензиялау комитеті «Қайсар» мен «Елімай» стадиондарын тексеру үшін келетінін айтты. Бұл туралы Yersport.kz YouTube-тегі Nursultan Qurman арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

— Сәуір айының ортасында УЕФА-ның лицензиялау комитеті Қызылордаға және Семейдегі «Елімайға» келеді. Әсіресе «Елімай» стадионына ерекше көңіл бөлінеді, себебі Конференция лигасының кемінде екі іріктеу кезеңін өткізу мүмкіндігі қаралады. Жарықтандыру, алаңның жабындысы тексеріледі. Егер бәрі талапқа сай болса, «Елімай» Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы екі ойынын Семейде өткізеді.
Ал «Қайсардың» стадионы да категория алу үшін тексеруден өтеді. Қазіргі таңда арена екі категорияның талаптарына сай. УЕФА лицензиясынан өтіп, қосымша категориялар алу қажет, — деді Құрман.

Қызылордадағы жаңа «Қайсар Арена» стадионы 2025 жылдың 4 қазанында, үш жылға созылған құрылыстан кейін салтанатты түрде ашылған болатын. Арена Қазақстан Кубогының финалымен ашылды, онда «Тобыл» мен «Ордабасы» кездесіп, матч 2:0 есебімен аяқталды. Стадион УЕФА-ның 4-категория стандарты бойынша жобаланғанымен, әзірге ресми лицензиядан өткен жоқ.

«Елімай» келесі маусымда Конференция лигасының іріктеу кезеңінде алғаш рет өнер көрсетеді. Клубтың үй стадионы — «Спартак» аренасында еурокубок матчтарына дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

БЕЙБАРЫС ҚАБЛАН – U21 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

Redaktor Yersport

Никола Йокич НБА тарихында үш матч сериясында 110+ ұпай, 40+ рет доп қағып алу және 40+ нәтижелі пас жасаған алғашқы ойыншы атанды

«МЮ»-де Аморим кеткеннен кейін – бір тең ойын, бір жеңіліс. Алда – «Ман Сити»