YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

90 минут бойы үнсіздік, бір секундта үміт

"Қайрат" - "Брюгге"

Алматылық «Қайрат» бельгиялық «Брюгге» клубымен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-тур аясында Астанадағы «Астана Арена» стадионында кездесті. Бұл матч екі команда үшін де аса маңызды болды.

Ойынның алғашқы минуттары тең дәрежеде өтті. Алайда 32-минутта әйгілі Деян Станковичтің ұлы қарсылас қақпасының саңылауын тауып, есеп ашты. Осы голдан кейін «Қайраттың» қорғанысында бос кеңістіктер көбейіп, 38-минутта алматылықтар тағы бір гол өткізіп алды.

Екінші таймның басында Қайрат Уразбахтин шәкірттері ойынды жандандырып, шабуылға басымдық беруге тырысты. Дегенмен қапталдан бағытталған диагональ пастардың көпшілігі дәл жетпей, қарсы шабуылдарға жол ашты. Осындай сәттердің бірінде «Брюгге» үшінші голын соқты.

Осыдан кейін бас бапкер ойын барысын өзгерту мақсатында алаңға қосалқы құрамдағы ойыншыларды қосты. Алайда 85-минутта бельгиялық клубтың қорғаушысы есепті 4:0-ге жеткізді.

Соған қарамастан, матчтың соңғы секундтарында алматылық жанкүйерлер үшін жағымды сәт туды. Садыбеков Мрынскийдің дәл пасынан кейін қақпашы Джекерстің қақпасына әдемі гол соғып, оны әйгілі Лионель Мессидің стилінде атап өтті. Осылайша, Садыбеков Чемпиондар лигасындағы алғашқы голын тіркеді.

Бұл жеңіс «Брюгге» үшін аса маңызды болды, өйткені бельгиялық клубтың турнирдің үздік 24 командасының қатарына ену мүмкіндігі қауіп астында тұрған еді.

Сахиб Бекзат
Л. Н. Гумилёв атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
Спорт журналистикасы-11 тобының студенті

Ұқсас мақалалар

Қазақстан құрамасының футболшысы Астанадан кету туралы шешім қабылдады

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы «Арсеналмен» матчтан кейін мақтау алды

«Астана» мен «Қайсардың» бұрынғы ойыншысы Чемпиондар Лигасында гол соқты

Redaktor Yersport