YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутболЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

Үміт сыйлаған бір гол

Қайрат - Брюгге

Алматылық «Қайрат» өз алаңында бельгиялық «Брюггеге» жол берді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

УЕФА Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің 7-турында алматылық «Қайрат» Бельгиядан келген «Брюггені» қабылдап, 4:0 есебімен жеңілді. Бірінші болып, ойынның 32-минутында Александар Станкович есепті ашса, араға алты минут салысымен Ханс Ванакен есепті еселеді. Екінші таймда көп үміт күттірмеді. 74-минутта Ромео Вермант 3-голды соғып, ойынның аяқталуына алты минут қалғанда Брендон Мечелле отандық клубтың жеңіске жетем деген үмітін су сепкендей басты. «Қайрат» тағы да гол соға алмайды деген үмітімізді кездесудің соңғы секундтарында айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасаған Әділет Садыбеков жалғастырды.

Қорытынды есеп 1:4 «Брюггенің» пайдасына шешілді. Осылайша алматылық «Қайрат» жалпы кезеңдегі үй алаңындағы соңғы ойынын өткізді. Келесі ойын 28-қаңтарда, Лондонда орналасқан «Эмирейтс» стадионында «Арсеналға» қарсы өткізеді.

Ұқсас мақалалар

Шахмұрат Мүтәліп «Ордабасы» клубының жаңа иесі атанды

БЕЙБАРЫС ҚАБЛАН – U21 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

Redaktor Yersport

«Барселона» тарихындағы 103-ші трофейін жеңіп алды, «Реалдың» еншісінде – 105 титул