YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратФутбол

Неймар «Сантоспен» келісімшартын ұзартты

Неймар

Бразилиялық «Сантос» клубы ресми сайтында флангтағы шабуылшы Неймармен келісімшартты ұзартқанын хабарлады. Жаңа келісім 2026 жылдың соңына дейін жарамды, ал қаржылық шарттары жарияланған жоқ.

33 жастағы Неймар өткен жылдың қаңтар айында футболдағы жолын бастаған туған клубы «Сантосқа» қайта оралған еді. 2025 жылғы маусымда ол барлық турнирлерде 28 матч өткізіп, 11 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Футболшының алдыңғы келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған болатын.

Қазіргі уақытта Неймар жарақатына байланысты алаңда жоқ, алайда ол толықтай қалпына келіп, 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуды мақсат етіп отырғанын бірнеше рет мәлімдеген.

Айта кетейік, Неймар бұған дейін «Барселона» мен «Пари Сен-Жермен» клубтары сапында доп тепкен.

Ұқсас мақалалар

«ПСЖ» мен Франция арасындағы дау: париждіктер енді ұлттық құрамаға ойыншысын жібермеуі мүмкін

Redaktor Yersport

Дуглас Жуниор: «Қазақ футзалы маған бәрін берді»

Redaktor Yersport

Дэн Берн: «90-жылдардан бері „Ливерпульді“ жек көремін»