YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Қазақстанның екінші ракеткасы беделді турнирді сенімді жеңіспен бастады

Юля Путинцева

Қазақстандық теннисші, әлемнің 74-ракеткасы Юлия Путинцева Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді жеңіспен бастады.

1/32 финал кезеңінде Путинцева әлемдік рейтингте 65-орында тұрған америкалық Хейли Баптисті екі сетте ұтты — 6:2, 6:4.

Келесі айналымда қазақстандық теннисші турнирдің бірінші кезеңін өткізіп алған Украина өкілі, әлемнің 26-ракеткасы Марта Костюкпен кездеседі.

Айта кетейік, Юлия Путинцева іріктеудің финалында жеңілгенімен, чехиялық Каролина Плишкованың жарыстан бас тартуына байланысты негізгі торға lucky loser ретінде өткен болатын.

Ұқсас мақалалар

UFC тағы бір қазақстандық спортшымен толықты

Алматылық «Қайрат» мерзімінен бұрын УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалына шықты

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Азия Чемпионатында төрт алтын жүлде алды