YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарЛа ЛигаФутбол

Флик: «Алғашқы 80 минутқа разы емеспін»

Ханс-Дитер Флик

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик «Эспаньолды» 2:0 есебімен жеңген матчтан кейін ойынға баға берді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Неміс маманы алғашқы 80 минуттағы ойынға көңілі толмағанын айтып, команда бұл кезеңде жеңіске лайық болмағанын мойындады. Оның сөзінше, шешуші рөлді алаңға кейін қосылған футболшылар атқарған.

– Үш ұпайға қуаныштымын, бірақ ойында өзгертетін тұстар бар. Алғашқы 80 минут ұнамады. Алайда қосалқы құрамнан шыққан ойыншылар өз шеберлігін көрсетті. Жоан Гарсияға ризамын, ол көп сейв жасады, – деді Флик.

Сондай-ақ бапкер дербидің маңызын атап өтіп, бұл жеңіс командаға сенімділік бергенін жеткізді.

Ұқсас мақалалар

90 минут бойы үнсіздік, бір секундта үміт

«Ақтөбе» клубы 250 млн теңге жымқырды деп айыпталды

Қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамсқа травматикалық қарудан алты рет оқ атылған