YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

Forbes тізіміндегі олигарх ҚПЛ-дегі екінші топ-клубтан бас тартты

"Тобыл" ФК

Қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев «Тобыл» футбол клубының иесі болуы мүмкін еді, деп хабарлайды Yersport.kz ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда, Қостанайлық клубтың сату жөніндегі мәміле түпкілікті жүзеге аспағаны хабарланды.

Айта кетейік, Андрей Лаврентьев Қостанай қаласында орналасқан «Аллюр» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің басшысы және «Агромашхолдинг KZ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Сондай-ақ биыл шілде айында Қостанайда салынып жатқан «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің серіктесіне айналды. Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Лаврентьев «Құрмет» орденімен марапатталған.

Сонымен қатар ол Қостанай облысының триатлон федерациясының президенті қызметін атқарады.

2025 жылы Андрей Лаврентьев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде 12-орынға жайғасты.

Бұған дейін Андрей Лаврентьевке тиесілі «Qarmet» АҚ (бұрынғы ArcelorMittal Temirtau) қаржылық қиындықтарға тап болған «Астана» футбол клубын сатып алуы мүмкін деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарған болатын.

Бейресми деректерге сүйенсек, «Тобыл» клубына инвестор ретінде өзге ірі компания келуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Роналду 15 жылдан кейін алғаш рет бірде-бір хет-триксіз жылды аяқтайды

Криштиану Роналду мансабында 14-рет бір жылда 40 және одан да көп гол соқты

Альваро Арбелоа «Валенсияға» қарсы ойын жайлы: «Бұл жеңіс – төзімнің, мінездің және командалық рухтың нәтижесі»