YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарЛа ЛигаФутбол

Роберт Левандовски «Барселонаның» оны гол соқпауға өтінгенін растады

Роберт Левандовски

«Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовски каталондық клубтың одан белгілі бір кезеңде гол соқпауын сұрағанын растады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Еске сала кетейік, футболшының Польшаның журналисті Себастьян Сташевский жазған өмірбаянында «Барселона» 2022/23 маусымының соңында Левандовскиден гол соқпауды өтінгені айтылған. Мұның себебі — «Баварияға» төленуі тиіс бонусты болдырмау болған.

— Айтқым келмейтін жайттар бар. Мен «Барселонаны» және онда жұмыс істейтін адамдарды қатты құрметтеймін. Клубтағы жағдайдан хабардар болдым. Сол кезде клубтың игілігі үшін шешілуі тиіс басқа да маңызды мәселелер көп еді.

Қысқасы, бұл бонусқа байланысты жағдай болды. Ол кезеңде «Барселонаның» әр еуроны есептегенін бәрі біледі, ал бұл жерде қомақты сома сөз болды. Мен үшін бұл түбегейлі ештеңені өзгертпеді, менде ешқандай реніш жоқ. Дегенмен, бұл ой санамда қалып, кей сәттерде «гол соғайын ба, жоқ па?» деп ойланғаным рас, — деді Левандовски Богдан Рымановскийге берген сұхбатында.

Ұқсас мақалалар

«ПСЖ» «Реалдың» қорғаушысы Рюдигерге қызығушылық танытты

Жоао Пауло «Қайратпен» келісімшартын ұзартты

Redaktor Yersport

«Қайратты» Чемпиондар Лигасына шығарған қақпашы клубтан кетті