YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Андрей Шевченко «Челсидің» сатылуына қатысты пікір білдірді

Фрэнк Лэмпард және Роман Абрамович

Украина футбол қауымдастығының (УАФ) президенті, «Челсидің» бұрынғы шабуылшысы Андрей Шевченко клубтың сатылымынан түскен қаражат украин қақтығысынан зардап шеккендерге бағытталуы тиіс деп санайды.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Роман Абрамовичке 2,34 миллиард фунт стерлингті аударуға келісім бермесе, сотқа жүгінетінін мәлімдеген еді.

Шевченко бұл мәселеге қатысты өз көзқарасын шведтің Dagens Nyheter басылымына берген сұхбатында айтты:

«Менің Абрамовичпен қазір ешқандай қарым-қатынасым жоқ. Бұл туралы тек газеттерден оқыдым, жағдайдың әрі қарай қалай өрбіп жатқанын бақылаған жоқпын. Бұл — оның үкіметпен арасындағы іс. Бірақ оның бұл қаражатты [украин қақтығысынан зардап шеккендерге] төлеуі тиіс екені анық», — деді УАФ президенті.

Айта кетейік, Андрей Шевченко ойыншылық мансабында Лондонның «Челси» клубында да өнер көрсеткен.

Ұқсас мақалалар

Роналду мансабындағы 958-голын соқты

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары қашан белгілі болады?

Redaktor Yersport

Стерлинг Евлоевтен реванш алғысы келеді