YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Мұхаммед Салах Рождествомен құттықтағаны үшін сынға қалды

Мұхаммед Салах

«Ливерпуль» клубы мен Мысыр ұлттық құрамасының вингері Мұхаммед Салах әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін кейбір мұсылман қолданушылардың сынына ұшырады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Футболшы католиктік Рождество мерекесіне орай қыздарымен бірге шыршаның жанында түскен суретті жариялап, жазбасына #Рождествоқұттыболсын хэштегін қосқан. Бұл пост желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.

Кейбір мұсылман жандар Салахтың әрекетін ислам қағидаларына қайшы деп бағалады. Пікір қалдырушылардың бірі:

«Мен сен бұл мерекені атап өтпейді деп ойладым, өйткені ол біздің дінімізде тыйым салынған», – деп жазды.

Тағы бір қолданушы футболшының бұл қадамына көңілі қалғанын айтып, оны енді өзіне үлгі тұта алмайтынын жеткізді.

«Сен миллиондаған мұсылман жастарға үлгісің. Сенің бұл әрекетің олар үшін қалыпты нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл – үлкен күнә», – деп пікір білдірді ол.

Сонымен қатар, кейбір комментаторлар Салахты өзінің діні мен мәдениетін құрметтеуге шақырып, оның әрекеті қоғамға қандай үлгі көрсететінін ойлануға үндеді.

Айта кетейік, Мұхаммед Салах бұған дейін де түрлі дінаралық тақырыптарға қатысты ашық көзқарас танытып келген, алайда бұл жолғы жазбасы әлеуметтік желіде екіұдай пікір қалыптастырды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан, Yersport.kz редакциясы Қазақстанда тұратын өзге де ұлт-өкілдері мен діни мейрамдарына құрметпен қарайды.

Ұқсас мақалалар

Кэррик маусым соңына дейін «МЮ»-ді басқарады. Клуб бапкермен келісімге келді (The Athletic)

«Астана» негізгі қақпашыға қатысты шешім қабылдады

Президент кубогы: Елордалық «Барыс» командасы «Амурдан» басым түсті

admin_yersport