YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары қашан белгілі болады?

УЕФА Ұлттар лигасы

УЕФА Ұлттар лигасының келесі маусымына арналған жеребе 2026 жылдың 12 ақпанында Бельгияның Брюссель қаласында өтеді. Осы күні Қазақстан ұлттық құрамасының да топтағы қарсыластары анықталады.

Өткен маусымда B дивизионында сәтсіз өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы араға төрт жыл салып C дивизионына қайта оралды. Қазіргі таңда ұлттық команда бірінші себетке орналасқан, сондықтан Исландия, Албания және Черногория құрамаларымен бір топқа түспейді.

C дивизионындағы себеттер:

1-себет: Исландия, Албания, Черногория, Қазақстан
2-себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения
3-себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония
4-себет: Латвия/Гибралтар, Люксембург/Мальта, Молдова, Сан-Марино

Айта кетейік, өткен маусымда B және C дивизиондарында қауіпті аймақта қалған құрамалар өтпелі кезең матчтарын 2026 жылдың 26 және 31 наурызында өткізеді.

Ұқсас мақалалар

Жалғас Жұмағұлов Octagon тарихында алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғаған қазақстандық атанды

Тони Кроос әлем чемпионатына 48 құраманың қатысуына қарсы екенін мәлімдеді

Криштиану тағы да бірінші атанды