YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарЛа ЛигаЛига 1Футбол

«ПСЖ» «Реалдың» қорғаушысы Рюдигерге қызығушылық танытты

Антонио Рюдигер

El Nacional хабарлауынша, париждік клуб команданың қорғаныс шебін күшейту жоспарын әзірлеп жатыр, ал «корольдік клубтың» неміс қорғаушысы Антонио Рюдигер әлеуетті трансферлер тізіміне енген.

Мәліметке сәйкес, «ПСЖ» президенті Нассер Әл-Хелаифи Рюдигерге қаржылай тұрғыдан тиімді шарт ұсынуға дайын.

Айта кетейік, Рюдигердің «Реалмен» келісімшарты 2026 жылдың жазында аяқталады. Егер ол келісімді ұзартпаса, онда париждік клуб футболшыны еркін агент ретінде қатарға қоса алады.

Ұқсас мақалалар

Дэн Берн: «90-жылдардан бері „Ливерпульді“ жек көремін»

Никола Йокич НБА тарихында үш матч сериясында 110+ ұпай, 40+ рет доп қағып алу және 40+ нәтижелі пас жасаған алғашқы ойыншы атанды

«БИІК-Шымкент» QFL Әйелдер лигасында чемпион атанды

Redaktor Yersport