YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыФутбол

Ресми: Роман Муртазаев «Елімаймен» келісімшартын ұзартты

Роман Муртазаев

Семейлік «Елімай» футбол клубы 32 жастағы қазақстандық шабуылшы Роман Муртазаевпен келісімшарттың ұзартылғанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы Yersport.kz тілшісі мәлімдейді.

Роман Муртазаев — Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабында «Шахтер», «Ертіс», «Астана», «Тобыл» клубтарында, сондай-ақ Ресейдің «Балтика» командасында өнер көрсеткен. Семейлік ұжымға шабуылшы 2024 жылдың қаңтар айында қосылған болатын.

Футболшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соққан.

Өткен маусымда Муртазаев «Елімай» жейдесінде 25 кездесуге қатысып, 7 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді. Одан бөлек, семейлік клубқа өз тарихында алғаш рет УЕФА Конференциялар Лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алуға көмектесті.

Ұқсас мақалалар

Арбелоа Моуриньюдің ықпалы туралы: «Егер оған ұқсауға тырыссам, күйрей жеңілер едім. Жозе маған әсер етті, бірақ мен Арбелоа болып қаламын»

ҚПЛ-дің екі дүркін чемпионы футболшыларымен ресми түрде қоштасты

Рахим Стерлинг «Фейеноордқа» ауысты