YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарСерия АФутбол

Гасперини: «Рома» шабуылда дәлдік пен сападан айырылды

Джан Пьерро Гасперини

«Рома» клубының бас бапкері Джан Пьеро Гасперини Серия А-ның 16-туры аясында «Ювентустан» 1:2 есебімен жеңілген ойыннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Маманның айтуынша, римдік клуб шабуыл шебінде қажетті сапа мен нақтылықты көрсете алмады.

— Шабуылда қателіктер өте көп болды. Қарсыласқа қысым көрсетуге мүмкіндік беретін жағдайлар жеткілікті еді, бірақ біз оны пайдалана алмадық. Нападайтын ойыншыларға нақты сәттер жасай алмадық, — деді Гасперини.

Сондай-ақ бас бапкер командадағы бірқатар ойыншылардың жағдайына тоқталды.

— Фергюсон мені сендіріп отырған жоқ, ол әлі ойын ырғағына толық кірген жоқ. Бұл тек оған ғана емес, басқа да жаңа футболшыларға қатысты. Дибала мен Соуленің техникалық деңгейі өте жоғары, оларды өзге ойыншылармен салыстыру дұрыс емес, — деп атап өтті ол.

Гасперини матчқа таңдалған негізгі құрамға қатысты да пікірін қосты.

— Алаңға шыққандар — қазіргі таңда ең үздік ойыншылар. Мұндай жоғары қарқында 90 минут бойы ойнау оңай емес. Қазір «Рома» шабуыл шебін күшейту бағытында жұмыс істеп жатыр, — деді бапкер.

Джан Пьерро Гасперини
Джан пьерро гасперини, Getty Images

Ұқсас мақалалар

«Хан-Тәңірі» Премьер-лигаға шыға ала ма?

admin_yersport

Криштиану Роналду: «Ойнауды жалғастыру қиын, бірақ мен әлі де мотивацияға толы болып жүремін»

«Ал онда саған ту ұстата салайық». Қазақстандық боксшы Жәлғас Жұмағұловқа ашуланды