YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
баскетболЖаңалықтар

Шэй Гилджес-Александер НБА-ның жаңа рекордын орнатты: маусымда 10-рет 30 минут немесе одан аз уақытта 30+ ұпай жинады

Шей Гилджес-Александер

Гилджес-Александер НБА тарихында тағы бір көрсеткіш бойынша рекорд иегері атанды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Бүгін «Клипперске» қарсы өткен матчта «Оклахома» командасының жұлдызды қорғаушысы Шэй Гилджес-Александер 32 ұпай жинады (ойыннан – 24 лақтырудың 13-і дәл, үш ұпайлықтан – 6-ның 2-уі, айып добынан – 6-ның 4-уі), сондай-ақ 7 рет доп қағып алып, 6 нәтижелі пас берді.

Қазіргі MVP маусымда 14-рет төртінші ширекті өткізбей, алаңда бар-жоғы 29 минут қана ойнады.

«Парусниктерді» (122:101) жеңген бұл кездесу Гилджес-Александер үшін осы маусымдағы 30 минут немесе одан аз уақытта 30 және одан да көп ұпай жинаған 10-шы ойын болды.

Канадалық баскетболшы осы көрсеткіш бойынша НБА рекордын жаңартып, 2019/20 маусымында 63 ойында осындай 9 матч өткізген Яннис Адетокумбоны басып озды. Ал жаңа рекордты орнату үшін Гилджес-Александерге небәрі 26 ойын жеткілікті болды.

Ұқсас мақалалар

Үміт сыйлаған бір гол

Де Лигт – «Манчестер Юнайтед» ойыншысы

admin_yersport

Самородов пен Черчесов қайта қауышты

Redaktor Yersport