YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCБасты ақпаратЖаңалықтар

Илия Топурияның жұбайы тұрмыстық зорлық ісі бойынша адвокат таба алмай жүр — Марласка

Илья Топурия

UFC-дің жеңіл салмақтағы жеңіліп көрмеген чемпионы Илия Топурияның жұбайы Джорджина Баделл құқықтық қорғау мәселесінде қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. Спортшыны қоқан-лоқы көрсетіп, зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған Баделл бұл іс бойынша өзіне адвокат таба алмай отыр.

Испанияның Divinity басылымы журналист Мануэль Марласкаға сілтеме жасап хабарлағандай, қазіргі таңда бірде-бір заңгер бұл істі жүргізуге дайын емес.

Бұған дейін Илия Топурия ресми мәлімдеме жасап, өзіне тағылған барлық айыптауларды жоққа шығарған еді. Сондай-ақ ол өз кінәсіздігін дәлелдейтін аудиожазбалар, хат алмасулар мен бейнематериалдар бар екенін мәлімдеді. UFC чемпионы енді Джорджина Баделлге қарсы бопсалау, дәлелдерді қолдан жасау және қаржыны жымқыру баптары бойынша қарсы талап-арыз түсіруді жоспарлап отыр.

Марласканың айтуынша, жағдай күрделі құқықтық сипат алып барады, себебі Топурия сотта өз ұстанымын қорғауға белсенді түрде дайындалып жатыр. Әзірге сот отырысының нақты күні мен талап-арыздарға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Рыбакина Цинциннатиде тағы да жарқырады

Redaktor Yersport

Геннадий Головкин мен Криштиану Роналдудың кездесуі ерекше мәнге ие болды

Аморим «Манчестер Юнайтедтің» трансферлік нарықтағы тактикасы туралы айтты