YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарЧемпиондар Лигасы

«Айнтрахт» «Барселонамен» ойында жанкүйерлерінің ісінен кейін жазаланды

«Айнтрахт» жанкүйерлері

УЕФА Чемпиондар лигасында «Барселонамен» өткен матч кезінде (1:2) неміс клубының жанкүйерлері көрсеткен тәртіпсіздікке байланысты «Айнтрахтқа» қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Еске салайық, Франкфурттан келген жанкүйерлер бұл ойында стақандармен кіші дәреттерін лақтырып, бөтелкелер мен тиындар тастаған, фаер жаққан, орындықтарды жұлып, «Камп Ноу» стадионындағы әжетханаларды қиратып кеткен.

УЕФА-ның тәртіптік комитеті неміс клубының жанкүйерлеріне еурокубоктардағы келесі екі сырт алаңдағы матчқа баруға тыйым салды. Сонымен қатар, клубқа 30 000 еуро көлемінде айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, «Айнтрахт» келтірілген материалдық шығынды өтеу үшін 8000 еуро өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ұқсас мақалалар

КПЛ клубы Өзбекстанның үш дүркін чемпионымен матч өткізетінін хабарлады

Redaktor Yersport

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты топ-10 рейтингінен шығарылды

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі Дастан Сәтпаевқа қатысты шешімін жариялады