YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутболЧемпиондар Лигасы

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар Лигасында тарихқа енді

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар Лигасы тарихында тағы бір ерекше бетбұрыс жасады. Елордада өткен матч ресми түрде жарыстың ең суық ойындарының біріне айналды.

Қазгидромет мәліметіне сүйенсек, ойын басталған сәтте ауа температурасы -21°C көрсеткен. Мұндай аязға қарамастан алаңға шыққан ойыншылардың батылдығы мен табандылығы ерекше таң қалдырады.

Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд 2007 жылы 14 ақпанда Мәскеудегі «Лужники» стадионында «ЦСКА» мен Лондонның «Арсеналы» арасындағы ойында тіркелген еді. Сол кезде термометр -14°C көрсеткен. Ал «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы матч бұл рекордты жаңартып, Чемпиондар Лигасының тарихында ең суық ойын күні ретінде ресми түрде тіркелді.

Ұқсас мақалалар

Словакияда Владимир Вайсстың «Ақтөбеге» тағайындалу мүмкіндігі туралы пікір білдірді

Redaktor Yersport

Паоло Мальдини Венесуэла президентінің тұтқындалуына пікір білдірді

Redaktor Yersport

«Қайрат» плей-оффта: қаржылай және тарихи жетістік