YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарСараптамаҰлттық спорт

Біз тазамыз: Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг-тест нәтижесіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы тыйым салынған мельдоний анықталған сынаққа өз кінәсіздігін жариялады. Ол ресми түрде «B» сынамасын зерттеуді сұрады.

Тест WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтетін біріктіру жекпе-жегіне бірнеше күн қалғанда белгілі болды. Жекпе-жек тоқтатылып, WBO тергеу жүргізуде.

Әлімханұлының өкілдері жанкүйерлерге қолдау үшін алғыс айтып, спортшының тазалығына сенетінін мәлімдеді:

Біз таза спортшымыз, ереже бұзушылық жоқ. «B» сынамасы зерттелуде, жауабын күтеміз.

Еске сала кетейік, Жәнібек пен Лара арасындағы кездесу 7 желтоқсанға белгіленген болатын. Алайда VADA қазақстандық спортшының сынамасынан тыйым салынған препарат тапқан соң, оның орнына Сан-Антониодағы кешке Йохан Гонсалес қатысатын болды.

Ұқсас мақалалар

Тарихқа жазылған финал: Суперкубок шежіресіндегі жаңа белес

Redaktor Yersport

Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» бәсекелесі дисквалификациядан кейін алаңға оралады

Жоао Пауло «Қайратпен» келісімшартын ұзартты

Redaktor Yersport