YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

2026 жылғы Әлем чемпионаты: жеребе тарту рәсімі «Qazaqstan» телеарнасында

Футболдан Әлем чемпионатының жеребесі: «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

5 желтоқсан сағат 22:00-де Вашингтондағы Джон Кеннеди орталығында 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді. Бұл шараны қазақстандық көрермендер «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Канада, АҚШ және Мексикада бірлесіп өткізетін турнир 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында ұйымдастырылады. Биылғы дода ерекшелігі — жаңа формат: жеребе қорытындысы бойынша әр топта төрт командадан 12 топ жасақталып, барлығы 48 ел қатысады.

Жеребе тарту рәсімін белгілі комментаторлар Ерсін Ерік пен Фархат Қаналы жүргізеді.

Ұқсас мақалалар

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар Лигасында тарихқа енді

Роберто Мартинес: «Роналду қашан кететінін өзі шешім қабылдайды»

Африка кубогында стадион толмаса, жанкүйерлерді матчқа тегін кіргізуде