YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCБасты ақпаратЖаңалықтар

Брэди: Моралес — Махачевке ең лайық қарсылас, Усман мен Шавкат титулға әлі дайын емес

Америкалық UFC файтері Шон Брэди (18-2) жаңа чемпион Ислам Махачевтың (28-1) келесі қарсыласы кім болуы керектігі туралы пікір білдірді.

Брэди UFC 322-де жеңілмеген Майкл Моралеске (19-0) нокаутпен есе жіберген еді. Сол кеште Махачев Джек Делла Маддаленаны жеңіп, чемпион атанды.

Файтер Камару Усманға (21-4) титулдық мүмкіндік беру қисынсыз деп санайды:

Усман титулдық жекпе-жекке мүлдем лайық емес. Оны титулға итермелеу — ұят тірлік.

Брэдидің пікірінше, ең лайық үміткер Моралес:

Ол 19-0, жаңа ғана мені жеңді. Мен №1 претендент едім. Пратес — келесі. Ал Шавкат әзір титулға лайық емес. Ол жарыс жолынан шығып қалды және тезірек оралуы тиіс.

Усманның қазіргі деңгейіне де күмән келтірді:

Үш рет ұтылды, сосын Баклиді жеңді. Ислам оны оңай өтеді.

Соңында Брэди өз ұсынысын айтты:

Исламға ең көп қиындық тудыратын — Моралес. Ал Усман Шавкатпен айқассын.

Айта кетейік, Махачевтің өзі Усманмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген.

Ұқсас мақалалар

Қола жүлдеге батыстың қос ұжымы таласты. Бірақ, жеңімпаз біреу

Юрген Клопп «Реалды» баcқара ма? Агенті нақты жауап берді

Redaktor Yersport

Қазақстанның екінші ракеткасы беделді турнирді сенімді жеңіспен бастады