YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҰлттық спортФутбол

Брюссель төрінде кім қазылық етеді? Бельгия — Қазақстан матчының төрешілері тағайындалды

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті сын Қазақстан құрамасы үшін оңайға түспек емес. Қыркүйектің жетісінен сегізіне қараған түні Брюссельде өтетін матчқа УЕФА қазылар бригадасын бекітті.

Бас төреші қызметін тәжірибелі румын арбитрі Раду Петреску атқарады. Оған елінің өзге де қазылары — Раду Гингуляк пен Мирча Григориу жәрдемдеседі. Төртінші қазы ретінде Андрей Кивулете белгіленген. VAR жүйесі Кэтэлин Попа мен Марчел Бирсанға жүктелді.

Бұл кездесу екі құрама үшін де шешуші мәнге ие. Қазақстан төрт ойыннан кейін үш ұпаймен іріктеудегі турнир кестесінің соңғы орындарында тұр. Ал Бельгия бір матчты кем өткізгеніне қарамастан, жеті ұпай жинап, көшбасшылардың қатарында.

Ұқсас мақалалар

Бокстан Қазақстан құрамасының он боксшысы жартылай финалға шықты

Redaktor Yersport

Bild: «Барселона» Фликпен келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартқысы келеді

Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының себеттері белгілі болды