YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Нариман Құрбанов ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды.

Бүгін Нариманға Олимпиада ойындарында жеткен жоғары жетістігі үшін Спорт және Дене шынықтыру комитеті арнайы куәлікті табыстады.

Айта кетейік, Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасынан бөлек екі дүркін Азия чемпионы және 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Спортшы Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына тарихи жүлдені салған еді.

Ұқсас мақалалар

Горетцка «Арсеналға» ауысуға мүдделі

Гвардиола «Ман Ситиге» тағылған 115 айып жөнінде: «Бұл менің құзырымда емес. Тек шешімді күту ғана қалды»

ҚПЛ-дің тағы екі клубы жекешелендіріледі

Redaktor Yersport