YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратБокс

Бокстан Азия Чемпионатына қатысатын құрам анықталды

29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэй қаласында бокстан ерлер арасындағы Азия Чемпионаты өтеді. Қайрат Сәтжанов бастаған бапкерлік штаб байрақты бәсекеге арналған құрамды жариялады

Азия біріншілінде қолғап түйістіретін Қазақстан құрамасы:

48 келі — Санжар Тәшкенбай

51 келі — Сәкен Бибосынов

54 келі — Махмұд Сабырхан

57 келі — Оразбек Асылқұлов

60 келі — Бейбарыс Жексен

63,5 келі — Мұхамедсабыр Базарбайұлы

67 келі — Дулат Бекбауов

71 келі — Абылайхан Жүсіпов

75 келі — Диас Молжітов

80 келі — Ерасыл Жакпеков

86 келі — Бекзат Нұрдәулетов

92 келі — Сағындық Тоғамбай

+92 келі Айбек Оралбай

Айта кетейік, биылғы Азия Чемпионаты Амманда (Иордания) өтуі тиіс еді, дегенмен Азия бокс конфедерациясының (ASBS) шешімімен Таиландқа ауысты. Таилдандта 1963 жылы алғаш рет Азия Чемпионаты өткен болатын. Сары құрлық біріншілігінде әдеттегідей ерлер 13, ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласады.

 

Ұқсас мақалалар

«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар Лигасында қарсыласына есе жіберді

Жібек Құламбаева Мадрид төрінде топ жарды

Алматылық «Қайрат» мерзімінен бұрын УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалына шықты