Алматылық «Қайрат» 36 жастағы Жоао Пауломен келісімшартын бір маусымға ұзартты. Бұл туралы команданың әлеуметтік желідегі парақшаларында белгілі болды.
Бразилиялық ойыншы «Қайратқа» 2021 жылы шымкенттік «Ордабасыдан» ауысып келген. Алматылық команда қатарында биылғы маусымда ел чемпионы атанып, үздік сұрмерген атанған үш ойыншының бірі болды. (Ислам Чесноков (Тобыл), Николай Сигневич (Атырау). Сондай-ақ 2021 жылы алматылықтардың сапында Қазақстан Кубогында жеңіске жетті.
Жоао 2023 жылы 17 голмен ел чемпионатында үздік сұрмерген атанған. Сонымен қатар, 2021 жылдан бері алматылықтар үшін барлық турнирде 81 ойынға қатысып, 39 гол соқты.