YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутбол

Сан-Марино құрамасы Ұлттар Лигасының С лигасына көтерілді

Футболдан Сан-Марино құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді 3:1 есебімен жеңіп, D лигасының 1-тобында 7 ұпай жинап, бірінші орынмен аяқтады.

Сан-Марино УЕФА Ұлттар Лигасының келесі маусымында С Лигасында өнер көрсетеді. Осылайша кішкентай мемлекеттің ойыншылары үлкен ерлік жасап отыр.

Сонымен қатар команда өз тарихында алғаш рет ресми ойында жеңіске жетті. Алғаш рет ресми ойында үш гол соғып, қатарынан үш ойында жеңілмей келеді.

Айта кетейік, Сан-Марино ФИФА рейтингінде соңғы 210 орынға жайғасқан.

Ұқсас мақалалар

Григорий Бабаян: «Бірінші нөмірмен ойнаудан гөрі, барлық фазада дұрыс әрекет ету маңызды»

Геннадий Головкин мен Криштиану Роналдудың кездесуі ерекше мәнге ие болды

Нариман Құрбанов ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды