YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
БоксЖаңалықтар

Жеті қазақстандық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Жеті қазақстандық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қостанайда Орал және Қорған Айтеновті еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп жазады Olympic.kz. 

Жарысқа 2006 және 2007 жылы туған боксшылар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық жас боксшылар жеті алтын медаль жеңіп алды.

Атап айтар болсақ,  Халит Бекетов (48 кг), Алмас Нұрлан (54 кг), Ерхан Оңталапов (57 кг), Бекжан Тлебалды (71 кг), Арыстан Нұрмагамбет (75 кг), Ілияс Жандау (80 кг) және Аслан Елдібайұлы (92 кг) турнир чемпионы атанды.

Сондай-ақ Тәжікстаннан келген үш боксшы алтын медаль алды. Олар: Дамир Муйбалихонов (60 кг), Руслан Гафуров (63,5 кг) және Идрис Ильназаров (92+ кг).

Өзбекстанда екі, Қырғызстанда бір алтын жүлде бар.

Ұқсас мақалалар

ҚПЛ клубы шабуылшымен келісімшартты ұзартты

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатының жалпы есебінде көш бастады

Redaktor Yersport

Халық күткен Халк — жалған хайп болып шықты