«Милуоки» клубының баскетболшысы Яннис Адетокумбо өзін Криштиану Роналдуға Лионель Мессиден гөрі жақынырақ санайтынын айтты, деп хабарлайды Yersport сайты.
«Менің ойымша, Месси – нағыз талант. Оның табиғи дарыны, сонымен қатар бүкіл мансабы бойындағы еңбексүйгіштігі мен тәртібі оны үнемі ең жоғары деңгейде ұстап тұрды. Ол, бәлкім, барлық уақыттағы ең үздік ойыншы.
Бірақ маған жеке өзіме өзіме ұқсайтын адамдар жақын – тынымсыз еңбек ететін, тәртіп сақтайтын, денесіне күтім жасайтын және жылдар бойы тұрақтылық танытатын жандар. Қазір оған (Криштиану Роналдуға – ред.) 41 жас, солай ма? 41 жасында да ол ең жоғары деңгейде ойнап жүр. Сондықтан менің ойлау жүйем Роналдуға жақынырақ.
Адамдар әртүрлі, ол менен жарқынырақ шығар. Бірақ ойынға деген көзқарас, махаббат, тұрақтылық, ауыр еңбек және шекарадан асып, үнемі дамуға ұмтылу жағынан мен Роналдуға көбірек ұқсаймын.
Сондықтан маған осы сұрақ қойылса, мен «Роналду» деп жауап беремін. Бірақ мансап жетістіктерін салыстырсақ: сегіз «Алтын доп» па әлде бес пе, әлем чемпионы атағының болуы немесе болмауы, Чемпиондар лигасындағы бес жеңіс пе әлде төрт пе – бұл талғамға байланысты.
Ең бастысы – егер сен адамдар «Месси ме, әлде Роналду ма?» деп сұрайтын деңгейге жетсең, сен қазірдің өзінде жеңіске жеттің деген сөз. Мен адамдардың «Майкл Джордан ба, әлде Яннис пе?» деп сұрағанын қалаймын. Мен өмірде әлдеқашан жеңдім», – деді Адетокумбо.
