YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарФутбол

«Вулверхэмптон» «Вест Хэмді» ойсырата жеңіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Хван Чи Хан

Ағылшын Премьер-лигасының 2025/26 маусымындағы 20-тур аясында «Вулверхэмптон Уондерерс» өз алаңында «Вест Хэм Юнайтедті» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. Бұл нәтиже «қасқырлар» үшін маусымдағы алғашқы жеңіс болды.

Ойынның алғашқы таймында-ақ алаң иелері басымдық танытты. 4-минутта Джон Ариас есеп ашса, 31-минутта пенальтиден дубль жасады. Үзіліс алдында Матеус Мане үшінші голды соқты. «Вест Хэм» матч бойы қақпаға бірде-бір дәл соққы жасай алмады.

"Вулверхэмптон"
«Вулверхэмптон» premierleague.com
Хван Чи Хан
Хван Чи Хан, premierleague.com

Бұл нәтиже «Вулверхэмптонға» турнирлік кестеде жағдайын сәл жақсартуға мүмкіндік берді, ал «Вест Хэм» 18-орында қалып, төменгі аймақтағы жағдайын қиындата түсті.

Матчтан кейін Роб Эдвардс командасының прогресін атап өтсе, Нуну Эшпириту Санту бірінші таймдағы сәтсіз ойын үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады.

Ұқсас мақалалар

Аморим «Манчестер Юнайтедтің» трансферлік нарықтағы тактикасы туралы айтты

«Барыс» СКА-ға қарсы КХЛ-дегі үй матчына анонс ұсынды

Никита Бояркин ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысады

Redaktor Yersport