YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҰлттық спортФутбол

Шарль де Кетеларе: Қазақстан қорғанысын бұзу бастапқыда оңай болған жоқ

2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бельгия — Қазақстан матчы (6:0) жайлы Бельгия құрамасының шабуылшы жартылай қорғаушысы Шарль де Кетеларе Yersport сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ой бөлісті.

Алғашқы отыз минут біз үшін оңайға түскен жоқ. Қазақстан құрамасының қорғанысын бұзу расымен қиын болды. Алайда алғашқы голдан кейін алаңда көбірек бос аймақ пайда болды, соның арқасында ойынымыз еркіндей түсті. Жалпы, біз жақсы ойын өрнегін көрсеттік және жеңіске лайық болдық деп санаймын, – деді бельгиялық футболшы.

Сонымен қатар ол қарсыластан бір ойыншыны ерекше атау қиын екенін жеткізді. Дегенмен, есінде қалған есімі — Ян Вороговский.

Онымен Бельгия чемпионатында жолымыз түйіскен. Жақсы футболшы екенін білемін», – деп атап өтті де Кетеларе.

Ұқсас мақалалар

Зиркзее 2025 жылы алғаш рет «МЮ»-дың АПЛ-дегі үй матчында гол соқты

«МЮ» капитаны Бруну Фернандеш кемінде бір айға қатардан шықты

Қазақстан боксында тағы бір допинг дауы: Дулат Бекбауов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға дисквалицияланды

Redaktor Yersport