YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Самат Смақов:  Үндістан мен Моңғолияның өзі бізден озып кететін түрі бар

«Жетісу» футбол клубының бас жаттықтырушысы Самат Смақов «Ордабасы» командасынан 0:1 есебімен жеңілген ойыннан кейін төрешілердің жұмысын қатаң сынға алды.

«13 адамға қарсы ойнау – оңай емес. Әдетте төрешілер жайлы пікір білдірмеймін, бірақ бүгінгі жағдай шектен шыққан әділетсіздік болды. Бұл кездесуді кім басқаратынын ойынға төрт күн қалғанда-ақ білдім. Себебі бұл азамат – төрешілер департаментінің жоғары лауазымды өкілі, әрі осы матчты өзі басқаруға ниет білдірген. Бүгінгі қызыл қағаз бен төрешінің өзге де шешімдері соның дәлелі. Ең болмағанда барлық футболшыларымызды алаңнан қумағанына шүкір дейміз. Айтарым – мен үнсіз қалмаймын. Футболымыздың қазіргі ахуалы алаңдатарлық. Жыл өткен сайын жағдай қиындап бара жатыр. «Ордабасы» секілді қаржылық жағынан қуатты команда ең төменгі бюджетпен ойнайтын клубты төрешілердің көмегімен жеңіп жатса, бұл – футболдың дамуына кері әсер етеді. Осындай әділетсіздік жалғаса берсе, біз алға емес, кейін кетеміз. Қайдағы Әлем чемпионаты, қайдағы Еуропа біріншілігі? Бұл жүйемен ешқайда бара алмаймыз. Егер бәрі осы бағытта жүре берсе, ішкі чемпионат тоқырауға ұшырайды. Өзбекстан бізден әлдеқашан озып кетті. Тіпті Тәжікстанның жасөспірімдер құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды. Ал біз болсақ, өз мәселелерімізден аса алмай жатырмыз. Көп ұзамай Үндістан мен Моңғолияның өзі бізден озып кететін түрі бар», – деп мәлімдеді «Жетісу» командасының бас бапкері.

Ұқсас мақалалар

Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңінде төртінші себетте болады

Redaktor Yersport

Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия — Германия арасындағы ойынды тамашалауға барды