YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
баскетболЖаңалықтар

Никола Йокич НБА тарихында үш матч сериясында 110+ ұпай, 40+ рет доп қағып алу және 40+ нәтижелі пас жасаған алғашқы ойыншы атанды

Никола Йокич

«Денвер Наггетс» клубының көшбасшысы Никола Йокич НБА тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Соңғы үш ойындағы өнерінің арқасында, оның ішінде 56 ұпайлық трипл-дабл да бар, 30 жастағы серб баскетболшысы үш матчтың қорытындысы бойынша 110-нан астам ұпай, 40-тан көп доп қағып алу және 40-тан аса нәтижелі пас жасаған лига тарихындағы алғашқы ойыншы болды.

Йокичтің соңғы үш матчтағы көрсеткіштері:

  • «Далласқа» қарсы — 29 ұпай (ойыннан 54,5%, үш ұпайлықтан 50%), 7 доп қағып алу, 14 пас
    («Денвер» 130:131 есебімен жеңілді)

  • «Миннесотаға» қарсы — 56 ұпай (ойыннан 71,4%, үш ұпайлықтан 66,7%), 16 доп қағып алу, 15 пас
    («Денвер» 142:138 есебімен жеңіске жетті)

  • «Орландоға» қарсы — 34 ұпай (ойыннан 50%), 21 доп қағып алу, 12 пас
    («Денвер» 126:127 есебімен жеңілді)

Бұл серия Йокичтің НБА-дағы ең әмбебап әрі доминант ойыншылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұқсас мақалалар

Қазақстандық теннисші Үндістанда өткен турнирде жеңіске жетті

«Вест Хэм» қысқы трансфер терезесінде ең көп қаржы жұмсаған клуб атанды

«Адмиралдың» бас бапкері «Барыспен» өткен матчтағы арандатулар туралы айтты

Redaktor Yersport