YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутболЧемпиондар Лигасы

Мастантуоно: «Мен үшін әлемдегі ең үздік – Месси»

Мадридтік «Реалдың» сапына жаңадан қосылған аргентиналық талант Мастантуоно корольдік клуб ойыншысы ретінде алғашқы баспасөз конференциясын өткізді. Әңгіме барысында ол еш ойланбастан, өзінің кумирін атады.

«Әлемдегі ең үздік ойыншы? Мен үшін ол – Месси. Мен аргентиналықпын, ал Лео біздің ел үшін көп нәрсе жасады», – деді жас шабуылшы.

Мастантуоно мадридтік клубта 30-нөмірмен өнер көрсетеді. Алдағы уақытта ол «Кастилья» жүйесі арқылы Ла Лигада тіркелмек, өйткені «Реал» тамыздың соңына дейін тағы бір ойыншы сатып алуды жоспарлап отыр.

Ұқсас мақалалар

Әлімханулы – Лара: Жәнібек титулдық жекпе-жектен қағылды

«Астана» еурокубокке шыққаны үшін қанша табыс тапқаны жарияланды

Redaktor Yersport

«Қайратты» үлкен сынақ күтін тұр