YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Мартинелли Брэдлиден кешірім сұрады

Арсенал - Ливерпуль

«Арсенал» вингері Габриэл Мартинелли «Ливерпуль» қорғаушысы Конор Брэдлиден болған жағдайға байланысты кешірім сұрады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Еске салайық, ойыншылар арасындағы жанжал АПЛ-дің 21-туры аясындағы «Арсенал» – «Ливерпуль» (0:0) матчында, екінші таймға қосылған уақытта орын алды. Эпизодта Брэдли допты алаңнан шығарып жібергеннен кейін сәтсіз қонып, газонға құлаған. Сол сәтте Мартинелли Конора алаң сыртына итеруге тырысқан. Бұл әрекет «Ливерпуль» футболшыларының наразылығын туғызып, жаппай қақтығысқа ұласты. Кейін Брэдли стадионнан балдақпен кетуге мәжбүр болды.

Матчтан кейін бразилиялық футболшы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, қарсыласынан кешірім сұрағанын хабарлады:

«Конормен хабарластық, мен одан кешірім сұрадым. Ойынның қызу кезінде оның ауыр жарақат алғанын түсінбедім.
Өз әрекетіме шын жүректен өкінемін. Конордың тезірек сауығып кетуін тілеймін», — деп жазды Габриэл Мартинелли.

Ұқсас мақалалар

Жалғас Жұмағұлов Octagon тарихында алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғаған қазақстандық атанды

Рафаэль Оразбахтин «Қайрат» командасында бас бапкер қызметінде қалады

«Манчестер Юнайтед» Премьер-лигада қалды