YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛБасты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Манчестер Юнайтед» өздерін инклюзивті клуб ретінде мақтан тұтатынын мәлімдеді

Джим Рэдклифф

Бұған дейін Рэтклифф: «Ұлыбританияны иммигранттар колонияға айналдырды. 9 миллион адам жәрдемақы алатын экономика болмауы керек. Қиын шешімдер қабылдау қажет», – деген еді.

Бүгін кәсіпкер өз сөзін түсіндіріп: «Менің сөздерім біреулерді ренжіткен болса, өкінемін. Бірақ реттелген иммиграция мәселесін көтеру маңызды. Үкіметтер оны бақылауда ұстауы тиіс», – деді.

«Манчестер Юнайтед» қонақжай әрі инклюзивті клуб екенін мақтан тұтады. Біздің ойыншылар, қызметкерлер және әлем бойынша жанкүйерлеріміздің алуан түрлі құрамы Манчестер қаласының тарихы мен мұрасын көрсетеді – бұл әр адам өз үйі деп атай алатын қала.

2016 жылы іске қосылған All Red All Equal бағдарламасынан бері біз теңдік, әртүрлілік және инклюзивтілік қағидаларын барлық қызметімізге енгізіп келеміз. Біз бұл науқанның рухы мен қағидаттарына берікпіз. Олар клуб саясатында, мәдениетінде көрініс тапқан және Премьер-лигада теңдік, әртүрлілік пен инклюзивтілік саласындағы озық стандарттарды ұстануымызбен дәлелденеді.

Осы маусым барысында ерлер және әйелдер командаларының матчтары аясында психикалық денсаулықты қолдау, нәсілшілдікке қарсы күрес, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы бастамаларға қатыстық.

Сондай-ақ жанкүйерлік клубтардың іс-шараларына атсалыстық, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жанкүйерлер қауымдастығының Рождестволық кешіне және еврей жанкүйерлер клубы ұйымдастырған Ханука мерекесіне қатыстық. Алдағы апталар мен айларда осы бағыттағы бастамаларды қолдауды жалғастырамыз.

Мұның бәрі «Манчестер Юнайтед» қайырымдылық қорының Манчестер мен оның маңында күн сайын атқарып жатқан ауқымды жұмысымен ұштасады. «Манчестер Юнайтед» біз өкілдік ететін барлық қауымдастықтардың бірлігі мен төзімділігін бейнелейді. Біз өз адамдарымызды, қаламызды және жанкүйерлерімізді мақсаткерлікпен әрі мақтанышпен таныстыруды жалғастырамыз», – делінген клуб мәлімдемесінде.

Ұқсас мақалалар

Ислам Чесноковтың Шотландияға аттанатын уақыты белгілі болды

Карло Анчелотти Неймар мен Каземиромен сөйлесті: Бразилия құрамасына жаңа серпін

«Тағы бір рет қорласаң – микрофонды лақтырамын». Гаспар «Барсада» төрешілерді сатып алды ма деген сұраққа жауап берді