YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
баскетболЖаңалықтарҚұрлықаралық кубокЛига 1Футбол

Кварацхелия 2025 жылы Чемпиондар лигасын ұтса да, Грузияның үздік спортшысы атанған жоқ

Хвича Кварацхелия

«ПСЖ» клубының грузиялық футболшысы Хвича Кварацхелия 2025 жылдың қорытындысы бойынша Грузияның ең үздік спортшысы болып танылған жоқ, бұл оның Чемпиондар лигасындағы жеңісіне қарамастан орын алды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Грузияның Ұлттық олимпиадалық комитеті 2025 жылдың ең үздік спортшылары ретінде саблист Сандро Базадзе мен дзюдошы Этер Липартелианиді жариялады.
Базадзе семсерлесуден әлем чемпионатында мансабындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алса, Липартелиани дзюдодан әлем чемпионатында Грузия тарихындағы алғашқы алтын жүлдені иеленген спортшы атанды.

Ал ойын түрлеріндегі спорттар бойынша Грузияның ең үздік спортшысы деп баскетболдан ұлттық құраманың капитаны Торнике Шенгелия танылды, деп жазады Sputnik.

Бұл таңдау көпшілікті таңғалдырды. Айта кетейік, Кварацхелия 2025 жылы:

  • Чемпиондар лигасын,

  • Франция чемпионатын,

  • Италия чемпионатын,

  • Еуропа Суперкубогын,

  • Франция кубогын,

  • Құрлықаралық кубокты жеңіп алды.

Сонымен қатар, ол Чемпиондар лигасының финалында және Құрлықаралық кубок финалында бір-бір голдан соқты. Бұдан бөлек, Хвича клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалисі атанып, «Алтын доп» дауыс беруінде 12-орын иеленді.

Шенгелияға келсек, оның жетекшілігімен Грузияның баскетбол құрамасы тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. Турнир барысында грузиялықтар Испания мен Франция сияқты алпауыт құрамаларды жеңді.

Ал Грузияның футбол құрамасы Кварацхелиямен бірге 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады.

Ұқсас мақалалар

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Азия Чемпионатында төрт алтын жүлде алды

«Усман Нурмагомедов — ерке өскен бала. Қиындық туса, сынып қалады» — Альфи Дэвис

Мұхаммед Салах Рождествомен құттықтағаны үшін сынға қалды

Redaktor Yersport