YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтартеннис

Корттағы қомақты табыс

Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалында сенімді ойын көрсете отырып, финалға жолдама алды. Бұл жетістік оны тек чемпиондық атаққа ғана емес, сонымен қатар қомақты жүлде қаржысына да жақындатты.

Жартылай финалда әлемнің бесінші ракеткасы болған Рыбакина WTA рейтингінде алтыншы орында тұрған америкалық Джессика Пегуланы жеңді. Кездесу тартысты болды, әсіресе екінші сетте сәт сайын шиеленіс күшейіп отырды. Дегенмен, шешуші сәттерде Елена сабыр сақтап, қарсыласынан басым түсті – 6:3, 7:6 (9:7).

Финалға шығудың өзі қазақстандық спортшыға айтарлықтай қаржылық табыс әкелді. Жартылай финал үшін Рыбакина 2 150 000 аустралиялық доллар (шамамен 764 миллион теңге) көлемінде жүлде алды. Ал финалда жеңіске жеткен жағдайда жүлде қоры екі есеге жуық артып, 4 150 000 аустралиялық долларға (шамамен 1,47 миллиард теңге) жетеді.

Australian Open-2026 турнирінің финалы 31 қаңтар күні өтеді. Финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы кортқа шығады.

Ұқсас мақалалар

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты топ-10 рейтингінен шығарылды

«ПСЖ» Франция Суперкубогын жеңіп алды

Шетел чемпионатының үздік қақпашысы ҚПЛ клубын ресми түрде күшейтті