YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарФутбол

Кэррик маусым соңына дейін «МЮ»-ді басқарады. Клуб бапкермен келісімге келді (The Athletic)

Майкл Каррик

«Манчестер Юнайтед» Майкл Кэррикпен келісімге келді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

44 жастағы Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкерінің міндетін атқарушысы болады. The Athletic мәліметінше, клуб маманмен осы маусымның соңына дейін қызмет ету жөнінде принципті келісімге қол жеткізген. Қазір тараптарға келісімшарттың соңғы детальдарын нақтылау ғана қалды.

Егер бәрі жоспарға сай өтсе, Кэррик командаға 17 қаңтарда өтетін «Манчестер Ситиге» қарсы матчта жетекшілік етеді.

Қазіргі таңда «Манчестер Юнайтед» АПЛ турнир кестесінде 21 турдан кейін 32 ұпаймен 7-орында тұр. Рубен Аморим қызметінен кеткен соң команданы екі матч бойы Даррен Флетчер басқарған еді.

Ұқсас мақалалар

«Барыс» Президент Кубогына қатысатын құрамды жариялады

admin_yersport

Флик «Сосьедадтан» 1:2 есебімен ұтылған матч туралы: «Бұл – «Барселонаның» фантастикалық ойыны. Кейде бәрін дұрыс жасайсың, бірақ жолың болмайды»

ЖХЛ-дегі «Қар Барыстарының» матчы ірі есеппен аяқталды