YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі Дастан Сәтпаевқа қатысты шешімін жариялады

Дастан Сәтпаев

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша спортшылар, бапкерлер мен спорт ұйымдарының жетістіктерін атап өтетін республикалық «Үздік-2025» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді. Бұл туралы Yersport.kz порталы Sports24.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

«Спорттағы үздік серпіліс» номинациясында жеңімпаз атанған — «Қайрат» клубының кәсіби футболшысы Дастан Сәтпаев. Ол маусым барысында көрсеткен жоғары ойын деңгейі, маңызды жетістіктері және болашағынан зор үміт күттіретін әлеуеті үшін марапатталды.

Сыйлықтың өзге лауреаттары қатарында Алуа Балкибекова мен Айдос Сұлтанғали — «Жылдың үздік спортшылары», олардың бапкерлері Долқұнжан Камеков пен Райымбек Ғабиден — «Жылдың үздік жаттықтырушылары» атанды. Ал Қызылорда облысы «Үздік спорттық өңір» деп танылды.

Өткен маусымда 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасап, алғашқы голын да тіркеді.

Ұқсас мақалалар

«Барселона» Канселудың трансфері туралы жаңалықты қайта жариялады. Бұған дейін клуб қорғаушының ауысуына қатысты жазбаларды сайт пен әлеуметтік желілерден өшірген еді

ҚПЛ клубы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарының уақытын жариялады

Халық күткен Халк — жалған хайп болып шықты