YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутбол

Қазақстандық миллиардердің клубы Англиядағы жеңіліссіз сериясын үзді

"Уиком Уондерерс" ФК

Kaspi.kz иесі Михаил Ломтадзе басқаратын «Уиком Уондерерс» Англия Бірінші лигасының 28-туры аясында өз алаңында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Yersport.kz.

«Адамс Парк» стадионында өткен «Питерборо Юнайтедке» қарсы кездесу 0:2 есебімен аяқталды. Матчтағы алғашқы голды 37-минутта Кайрелл Лисби соқты. Ал 68-минутта Киан Хэйес есепті түйіндеді.

Бұл жеңіліс «Уиком Уондерерс» үшін жаңа күнтізбелік жылдағы алғашқы сәтсіздік болды — бұған дейін команда төрт матчтан тұратын жеңіліссіз серия көрсеткен еді.

Осы жеңістің арқасында «Питерборо Юнайтед» 27 матчтан кейін 38 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-орынға көтерілді. Ал 36 ұпайы бар «Уиком Уондерерс» 12-орынға сырғыды. Чемпионаттың көшбасшысы — 56 ұпаймен «Кардифф Сити».

Ұқсас мақалалар

«Адмиралдың» бас бапкері «Барыспен» өткен матчтағы арандатулар туралы айтты

Redaktor Yersport

Александер Чеферин алғаш рет ресми сапармен Астанаға келеді

Redaktor Yersport

Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының себеттері белгілі болды