YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыҚазақстан ұлттық құрамасыТрансферФутбол

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Ақтөбеден» ресми түрде ауысты

Дархан Бердібек

«Каспий» футбол клубы Қазақстан U-21 жастар құрамасының және «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Дархан Бердібекті КПЛ-2026 маусымының соңына дейін жалға алғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Yersport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ресми: Дархан Бердібек маусым соңына дейін бізбен бірге!
Екі клуб арасындағы келісімге сәйкес, 21 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда „Каспий“ сапында жалға ойнайды.
Туған күні: 31 мамыр 2004 жыл
Ойындағы орны: жартылай қорғаушы
Бойы: 185 см»
, — делінген команданың Instagram парақшасында.

Дархан Бердібек — «Каспий» клубының түлегі. 2024 жылы ол «Ақтөбенің» жастар командасында ойнай бастады. Сондай-ақ 2025 жылы бес ай бойы елордалық «Жеңіс» сапында өнер көрсетті. Өткен ҚПЛ маусымында Бердібек 16 матчқа қатысып, екі гол соқты. Қазақстанның U-21 жастар құрамасы үшін екі ойын өткізген.

Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 75 мың еуроға бағалайды.

Еске салайық, «Каспий» өткен маусымда Бірінші лиганың чемпионы атанып, жаңа маусымда ҚПЛ-де өнер көрсетеді.

Ұқсас мақалалар

Ресейден тыс таңдау табылмас

Ямаль «класико» алдында инстаграмдағы профиліне «Самурай Джек» деп жазып, суретін ауыстырды және жарнамалық жазбалардан басқасының бәрін жасырды

Redaktor Yersport

Никола Йокич НБА тарихында үш матч сериясында 110+ ұпай, 40+ рет доп қағып алу және 40+ нәтижелі пас жасаған алғашқы ойыншы атанды