YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Қазақстан Қатардағы үстел теннисі турниріндегі өнерін аяқтады

Сарвиноз Миркадирова

Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан WTT Star Contender Doha халықаралық үстел теннисі турнирінде Қазақстан құрамасының өкілдері жарысты аяқтады, деп хабарлайды Yersport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған турнирде Қазақстан құрамасынан Искендер Харки мен Сарвиноз Миркадирова сынға түсті. Олар іріктеу кезеңінде ойнап, жарыстың финалдық бөліміне өте алмады.

Қазақстандық спортшылардың нәтижелері:

Жеке разряд
– Искендер Харки — Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) 2:3
– Сарвиноз Миркадирова — Марьям Али (Қатар) 3:0
– Сарвиноз Миркадирова — Хуан Ю-Цзе (Тайбэй) 0:3

Әйелдер арасындағы жұптық разряд
– Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) — Маника Батра / Дия Читале (Үндістан) 0:3

Аралас жұптық разряд
– Искендер Харки / Сарвиноз Миркадирова — Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай) 0:3

Ұқсас мақалалар

ҚПЛ клубы орталық қорғаушыға қатысты ресми шешімін жариялады

Redaktor Yersport

Александер Исак – АПЛ маусымындағы басты трансферлік сәтсіздік. (Goal)

«Женис» экс-бапкеріне ҚПЛ-дан кеткеннен кейін еурокубокқа шығу міндеті қойылды

Redaktor Yersport